Ақтөбеде жасыл желектерді жаппай отағандарға шыққан сот үкімі наразылық тудырды
Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту кезінде Қызыл кітапқа енген ағаштарды кескен компанияның директорына қатысты сот үкімі шықты. «Берекелді» серіктестігінің жұмысшылары өңірде сирек кездесетін қара қандыағаш пен күміс теректерді түбірімен отап тастаған еді. Бірақ судьяның бұған қатысты кескен жазасын әкімдік өкілдері жеңіл деп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
22.01.2020
Енді компания директоры Нұредин Үсіпов төрт миллион теңгедей айыппұл төлеп құтылады. Ал судья үкім кескен кезде сотталушының денсаулығана көңіл бөлген көрінеді. Себебі, осы процесс басталғалы Үсіпов инфаркт алып, отырысқа да жөнді қатыса алмады.
Айта кетелік, Бердібек Сапарбаев осы аймаққа әкім болып тұрғанда сегіз өзеннің арнасын тазартуды қолға алған еді. Оған қазынадан жеті миллардқа жуық теңге бөлінді. Бірақ тендер ұтқан компаниялар өзен арнасын кеңейтудің орнына, жағадағы жасыл желектерді жаппай отауға кірісті. Ақыры ағаш та жоқ, сегіз өзеннің суы да тартылып қалды. Тұрғындар шу шығарған соң, экология министрлігі жобаны тоқтатып, әлі күнге бір шешімге келе алмай отыр. Ал алғашқылардың бірі болып үстінен іс қозғалған мердігер компания директорының өзі айыппұлмен құтылды. Бұл жазаға жәбірленуші ретінде танылған коммуналшылар наразы.
Хасен Юсупов, Ақтөбе қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Бізді қанағаттандырмай тұрғандығы, неден олар деген компенсациялық көшіп отырғызу істеді ғой. Соны да залалдың есебінен деді. Сол келтірілген зақыммен есептеп алып отыр. Сондықтан біздің өтінішімізді қанағаттандырған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!