{metadescription}
Бензин бағасының өсуі өзге тауардың қымбаттауына әсер ете ме?
Бензин бағасының өсуі өзге тауардың қымбаттауына әсер ете ме?

Бензин бағасының өсуі өзге тауардың қымбаттауына әсер ете ме?

Елімізде бензин тағы қымбаттады. Қазір жүргізушілер жиі тұтынатын АИ-92-нің бір литрі 152-153 теңгеден сатылуда. Ол осыған дейін жанар-жағармай бекеттерінде 144-145 теңгеден саудаланып келген болатын. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұған акциз құнының көтерілгені себеп. Алайда Ұлттық экономика министрлігіндегілер бұл бензин бағасына бірден әсер етпейді дейді.

Нұрлыбек Шаймаханов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық саясаты басқармасының басшысы:

- 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бензинді көтерме саудада сатуға акциз мөлшерлемесі көбейтілді. Яғни, 1 литр бензинге акциз мөлшері 10 теңгеге көбейді. Бұрын 8 теңге шамасында болса, енді 18 теңге шамасында. Бірақ бұл 10 теңгеге акциздің көбеюі, бензин бағасының 10 теңгеге көбейеді дегенді білдірмейді. Бензиннің бағасы нарықта айқындалады. Яғни, ол ұсыныс пен сұранысқа, бәсекелестікке байланысты.

Дегенмен жанармай соңғы аптада бірден 7-8 теңгеге қымбаттады. Мәселен, Алматыда АИ-92 қазір 153 теңгеге дейін саудаланып жатыр. Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында да жағдай осындай. Ал Ақтөбеде халықтың көбі көлігіне сұйытылған газ отынын қолданса да, бензин бағасы 2-3 теңгеге көтерілген. Көлік иесіне бағаның сан құбылуы қиынға соғып тұр. Қымбатшылықтың әсерін сезініп үлгерген жұрт бұл өзге де тауарлардың қымбаттауына әсер етеді ме деп алаңдаулы. Ал жанар-жағармай қауымдастығы халықтың бұл алаңдауының орынды екенін айтады.

Қайыпбек Қамбаров, Жанар-Жағармай қауымдастығының төрағасы;

- Бұл халыққа ауыр тиіп жатыр. «Неге?» деген сұрақтар туады. Неге сонда бірден көтеріп жібереді? Бізге қиын ғой. Жаңағы айтқандай, бұның артында басқа да тауарлар өседі. Өссе де, өспесе де, өседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде