{metadescription}
Олимп букмекерлік кеңсесі  жұмысын тоқтатты
Олимп букмекерлік кеңсесі  жұмысын тоқтатты

Олимп букмекерлік кеңсесі жұмысын тоқтатты

Еліміздегі ең ірі Олимп букмекерлік кеңсесі бүгіннен бастап өз жұмысын толық тоқтатты. Тіпті осы күнге дейін спорттық ойындарға бәс қабылдап келген сайты да жабылған.

Сот шешімімен Олимптің лицензиясы бүгіннен бастап 6 айға күшін жойды. Демек енді құмар ойынға құныққандар әдеттегідей «Олимп кз» сайтында спорттық ойындарға ұтыс тіге алмайды. Өйткені букмекерлік кеңсенің интернеттегі мекен жайына кіру мүмкін емес. Сондай-ақ жер-жердегі жарнамасы жер жарған Олимп кеңселеріне де құлып салынды. Бұған дейін күні-түні қыз-қыз қайнап жататын ғимараттары қаңырап бос тұр. Тіпті кейбірінің маңдайшасындағы жазулары да алыныпты.

Десе де, Қазақстанда тыйым салынған букмекерлік кеңсе халықаралық доменмен жұмысын жалғастыруда. Яғни «Олимп ком» сайты арқылы әлі де бәс қабылдау жалғасып жатыр. Ал заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды, салықтан жалтарды және шетелге заңсыз ақша шығарды деп айыпталған Олимп брендін жамылған «Онли бет» пен «Альфа бет» компаниялары алдағы уақытта жоғарғы сотқа шағымданамыз деп отыр. Тіпті жарты жылдан кейін жас пен кәріні жіпсіз байлаған букмекерлік кеңсенің өз жұмысын қайта жалғастыруы мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Гаухар Сәлімбаева, адвокат:

- Алматы қалалық сотының шешемін өзгертуді сұрап шағым жазамыз. Алты  айдан кейін немесе одан да ертерек сайт жұмысын жалғастырады деп сенеміз. Менің ойымша, қазір нарықты бөлу жүріп жатыр. Жалғыз біз емес, бірнеше букмекерлік кеңсеге қысым жасалуда. Бұл кімнің ісі екенін әзірге айта алмаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде