{metadescription}
Қазақмыс! Қаза болған Тәжбеновтің әрекеті дәлелденсе, тергеу тез аяқталады
Қазақмыс! Қаза болған Тәжбеновтің әрекеті дәлелденсе, тергеу тез аяқталады

Қазақмыс! Қаза болған Тәжбеновтің әрекеті дәлелденсе, тергеу тез аяқталады

Жезқазғанда «Қазақмыстың» кен байыту кешенінің бас директоры Амангелді Мініғұловқа жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдарының айтуынша, өз-өзіне қол жұмсап қаза болған Тоғызбай Тәжбеновтің әрекеті дәлелденсе, тергеу тез аяқталуы тиіс.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орныбасары:

- Бұл қысқартылады, тоқталымға алынады. Өйткені күдікті адамның болмауына байланысты. Жан жақты қаралады. Оның қандай себебі болып жатыр. Қандай оймен жасалды. Сондықтан тергеу органдары толық баға бергесін ғана, біз сіздерге толық мәлімет айта аламыз.

Оқиға кеше кешкі алты шамасында болған. Амангелді Мініғұлов корпорациядағы «Кәсіпқорған» кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбеновпен сөзге келіп қалған. Тәжбенов жанжал кезінде Мініғұловтың арқасына пышақ сұғып алыпты. Сондай-ақ, кеңседе бірге отырған «Қазақмыс» корпорациясының маманы Сабыржан Тембаев араша түскен сәтте оны да кеуде тұсынан жарақаттаған. Куәгерлердің айтуынша, Тәжбенов артынша өзін-өзі кеудесінің сол жақ тұсынан пышақтап, оқиға орнында өлген. Сабыржан Тембаев дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілді. Бас директор Амангелді Мініғұловтың жағдайы орташа, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал кәсіподақ төрағасының неліктен мұндай қадамға барғанын әріптестері түсіне алмай отыр.

Болат Жұмабеков ҚР Кәсіподақтар қауымдастығы Қарағанды облыстық орталығының төрағасы: 

- Тәжбенов «Қазақмыстағы» осы кәсіподақтың құрылуына белсенді атсалысқан. Үнемі жұмысшылардың жоғын жоқтап, қамқор болып жүретін. Өз ісін білетін, оғаш мінезі жоқ, өте салмақты азамат еді. Мұндай болды дегенге өзіміз де сене алар емеспіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде