Алматыны дүрліктірген қара сөмкенің ішінен не шықты?
Қаланы дүрліктірген қара сөмке! Алматыда көлік бөлшектерін сататын ең ірі орталықта «бомба жатыр» деген хабар шаһардың жедел қызметін аяғынан тік тұрғызды. Тұрғындардың біреуі есік алдында жатқан қараусыз сөмкеден сезіктеніп, дереу полицияға хабар берген.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
23.01.2020
Тәртіп сақшылары «Кар Сити» аумағын түгел қоршап, сауда орталығында жүрген адамдарды қауіпсіз жерге көшірді. Соның салдарынан көлік бөлшектерін сататын саудагерлер аязды күні бірнеше сағат далада тұруға мәжбүр болды. Күдік тудырған қара сөмкені саперлердің өзі қалқан ұстап, аса сақтықпен тексерді. Оқиға орнына кинологтар да жетті. Бірақ сөмкенің ішінен жарылғыш зат емес, жәй ғана құрылыс материалы шықты. Ал бейнебақылау камерасынан белгісіз адамның сөмкені орындықтың үстіне қойып, алаңсыз кетіп бара жатқаны анық көрінеді. Қазір полиция жұрттың үрейін ұшырған адамды іздестіріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!