Коронавирус! Індет пошта арқылы сәлемдемеден де жұғуы мүмкін
Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин Қытайдың «Али Экспресс» онлайн-дүкенінен зат сатып алмауға кеңес береді. Өйткені қауіпті індет пошта арқылы келетін сәлемдемеден де жұғуы мүмкін екен. Әсіресе Бекшин Қытайдан азық-түлік алдыру өте қауіпті дейді.
24.01.2020
Жандарбек Бекшин, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
-Экспресс поштамен тағам луға болмайды. Өйткені әрбір тағамның өз сақтау мерзімі және сақтау жағдайы бар. Коронавирус 37 градуста сақталады. «Али Экспресспен» тағам алуға болмайды.
Бүгінге дейін Қытайда өршіп тұрған коронавирусқа шалдыққандар саны әлем бойынша 800 адамнан асты. Белгісіз дерттен 26 адам көз жұмған. Тағы 10 шақтысы хәл үстінде. Инфекция жұқтырғандар мұхиттың арғы жағынан да шығып жатыр. Соған қарамастан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялауға ерте дейді.
Қытай билігі 30 миллионға жуық халық, ірілі-ұсақты 11 қаланы оқшаулап тастады. Мұндағы теміржол мен әуежайлар жабылған. Ал жергілікті халық базарлар мен дүкендердегі азық-түлікті талап алып жатыр. Өйткені сырттан тауар кіргізілмейтінін естіген жұрт»аш қаламыз ба?» деп қорқады. Ауру ошағында қазақстандық 98 студент бар. Олар да карантин алынғанша ешқайда кете алмайды. Отандастарымызбен тек Сыртқы істер министрлігі арқылы байланыс орнатылған. Ал білікті дәрігерлер қауіпті вирусқа қарсы вакцина жасаумен айналысуда. Бірақ әзірге коронавирустың емі табылған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!