{metadescription}
Төтенше жағдай! Елордада жедел штаб құрылды
Төтенше жағдай! Елордада жедел штаб құрылды

Төтенше жағдай! Елордада жедел штаб құрылды

Елордада төтенше жағдай! Қалада жедел штаб құрылып, тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Жолда қалып көмек сұрағандар телефонға тыным берер емес. Ал боранның ізін ала Арқа төсіне ауа температурасы минус 28 градусқа дейін төмендейтін аяз келе жатыр. Бас қаладағы төтенше жағдай режимі туралы тілшіміз баяндайды.

Бір түннің ішінде қала тоғыз мың текше метрге жуық қардан тазарды. Бірақ соған қарамастан, жағдай оңалған жоқ. Ақ ұлпаның тоқтаусыз борандатып тұрғанына осымен төртінші күн. Қала көшелерінде қар тау-тау боп үйілген. Ал боран сәт сайын үдеп, тазалаған  жерді қайтадан басып салып жатыр.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары: 

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ТЖ жарияланды. Әділет органдарында тіркеуден өтіп, қазір алты өңірде комиссия отырысы жоспарланып жатыр. Өмір сүру жағдайы қиындап, азық-түлік пен медициналық қызмет көрсету қиындаған жағдайда сол аумақтарда қажетіне қарай төтенше жағдай жарияланады.

Осыған байланысты Елордада жедел штаб құрылды. Әр саланың, сондай-ақ, қаладағы төрт аудандық әкімдік өкілдері жиналып алып, 24 сағат тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр.

Назымбек Балтабеков, Нұр-Сұлтан қалалық жедел штабының бастығы:

- Ауа райының қиын жағдайына байланысты жұрт толассыз хабарласып жатыр. Бүгін таңертеңннен бері 700 ден астам қоңырау шалынды. Басым көпшілігі жолдың ашылғаны, «теміржол қозғалысы бар ма?», «ұшақтар ұша ма?» деген сұрақтар. Жолда қалып көмек сұрағандар көп. Штабымыз күндіз-түні дамылсыз жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдай диспетчерлік орталығында телефонға тыным жоқ. Жолда қалғандар, көмек сұрағандар немесе жолдың қашан ашылатынын сұрағандар араға секунд салмай телефонға тыным берер емес.

Мектеп-колледждермен бірге, балабақшаларда да жұмыс тәртібі күнделікті қалпынан өзгерген. Жалпы саны 240 балаға арналған балабақшаға бүгін небәрі 93 бала келді. Олардың біразын жұмысынан ерте босаған ата-аналары алып кетіп жатыр. Кей топтарда 1-2 баладан ғана қалған.

Анар Смақова, балабақша меңгерушісі:

- Кейбір топтар біріктірілді. Біріктірілген себебі, бала санының аздығынан, екіншіден, кейбір тәрбиешілер уақытында жұмысқа келе алмай қалды. Жолдың кептелісінен, жолдың уақтылы ашылмауына байланысты. Сондықтан кейбір тәрбиешілер жұмыстан уақытша босатылды.

Қала аумағында төтенше жағдай режимі әлі біраз уақыт сақталатын түрі бар. Себебі, ақтүтек боран аяқталысымен оның ізін ала қаңтардың 30-ы күні ауа температурасы күндіз -18, түнде -28 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде