{metadescription}
Зейнетақы жинағынан мерзімінен бұрын ақша шешіп алу мүмкін бе?
Зейнетақы жинағынан мерзімінен бұрын ақша шешіп алу мүмкін бе?

Зейнетақы жинағынан мерзімінен бұрын ақша шешіп алу мүмкін бе?

Зейнетақы жинағынан мерзімінен бұрын ақша шешіп алуға белгіленген меже төмендетілуі мүмкін. Енді 30 жастағы ер азаматтарға жинақ 6 миллион 700 мың теңгеден кем болмауы керек. Алдыңғы жолы бұл 8 миллионнан асатын. Ал әйелдерге 10 миллионнан тек 400 мың түсірілді. Алайда экономистер бұл мәселенің шешуі емес дейді. Себебі қандай?

Алдағы екі ай көлемінде арнайы жұмыс тобы қазақстандықтардың баспана алуға немесе оқуын төлеуге зейнетақы қорларынан қаржы пайдалану механизмін әзірлейді. Егер зейнетақы қорындағы қаржы мөлшері тиісті көлемде болса, жұрт жинағын ем-домға да жұмсай алады.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

30 жастағы ер азаматқа қажетті жарна 6 миллион 695 мың теңгені құрайды. Себебі, тағы 33 жылдай зейнет жасына жеткенше жинау мүмкіндігі бар.

Бүгінде еліміздегі жұмысшылардың арасында тиісті жарнаны жинағандардың саны 113 мыңға жуық екен. Егер 50 жастағы ер адамның зейнетақы қорында 7 миллион 244 мың, зейнет жасындағы ер адамда 8,2, ал зейнетке шыққан нәзік жандылардың жарнасы 10,1 миллион теңге болса, бұл қаражатты ішінара пайдалана алады.

Бірақ мұндай ақшаны екінің бірі жинамасы анық. 30 жасыңда зейнетақы қорына 7 миллиондай ақша жинау үшін қанша айлық болуы керектігін Еңбек министрі де есептемеген сыңайлы. Ал сарапшылар мұндай межедегі ақшаны жинау «мүмкін емес» деген сенімде.

Жангелді Шымшықов, экономика сарапшысы:

- Қарапайым халықтың ешқашанда 30 жаста 6 жарым миллион таба алмайтыны бесенеден белгілі. Ол, тіпті, қиянат. Шындыққа, ақиқатқа жасалған қиянат.

Елімізде 9 миллион жұмысшы болса, соның 500-700 мыңы өз зейнетақы қорын пайдалану мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Бұл – министрліктің межесі. Бірақ осыншама қаржыны қандай жалақымен жинауға болады деген сауалға ешкім нақты жауап бермеді. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының төрағасы ай сайынғы зейнетақы аударым мөлшерін 10 пайыздан 13 пайызға арттыруды ұсынып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде