{metadescription}
Шетел азаматтарын Қытайдан жаппай эвакуациялап жатыр
Шетел азаматтарын Қытайдан жаппай эвакуациялап жатыр

Шетел азаматтарын Қытайдан жаппай эвакуациялап жатыр

Қауіпті індет өршіп барады. Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 130-дан асты. Осы уақытқа дейін аталмыш дертті 6 мың адам жұқтырған. Қазір Қытайдан шетел азаматтарын жаппай эвакуациялау жүргізіліп жатыр. 

Ухань қаласынан еліне жеткен Жапония азаматтарынан коронавирус белгілері анықталмаса да, жөтел қысып, қызуы көтерілген 4 адам ауруханаға жатқызылған. АҚШ билігі 240 отандасын кері қайтарып жатса, Франция ұйымдастырған екі рейспен сол елдің 250 азаматы мен Еуроодақтың өзге мемлекеттерінен барған 100 адам үйіне қайтарылыпты. Ал ресми Бейжің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қытайға халықаралық сарапшылар жіберу жөніндегі шешімін бірауыздан мақұлдады. Олар қауіпті індетті зерттеуге көмектеседі. Десе де, шығыстағы көршімізде халықаралық төтенше жағдай жарияланған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде