{metadescription}
Елімізде коронавирусқа күдіктілер қатары еселеп өсуде
Елімізде коронавирусқа күдіктілер қатары еселеп өсуде

Елімізде коронавирусқа күдіктілер қатары еселеп өсуде

Елімізде коронавирусқа шалдығуы мүмкін дегендердің қатары еселеп өсуде. Осындай күдікпен 35 адам ауруханаға жатқызылып, оқшауланды. Ал Қытайдағы жағдайдың ушығуына байланысты Үкімет бұл елмен арадағы көлік қатынастарын түгел үзетін болды.  3-ші ақпаннан бастап екі ел арасындағы әуе қатынасы тоқтайды. Жолаушылар автобусы мен пойыз да уақытша қатынамайды. Сондай-ақ, Қытай азаматтарына виза да берілмейтін болды.

Кеше ғана «8 адам күдікке ілінді» деген еліміздің бас санитар дәрігері бүгін санның еселенгенін айтып жұртты шошытты. 35 жерлес бүгінде аурухананың оқшауланған бөлмесінде жатыр. Бұл сан әлі де өсуі мүмкін. Ақ халаттылар 6-қаңтардан бері шекарадан өткендердің бәрін тексеруде.

Жандарбек Бекшин, ҚР бас санитариялық дәрігері:

- Олардың 22-сіне өткір респираторлық вирусты инфекция, біреуіне бір мезгілде тұмау мен паратұмау диагнозы қойылды. Осылайша 27 адамға маусымдық сырқат анықталды. Қалған 8 адамды бақылауға сынама алып, Алматыдағы Әйтімбаев атындағы ұлттық ғылыми-зерттеу орталығына жібереміз.

Жағдайдың ушығуына байланысты Қытайдағы отандастарымыз да шұғыл елге қайтарылып жатыр. Кеселдің кесірінен бірнеше жерлесіміз демалысынан да қағылды. Енді олар туристік операторлардан ақшасын ала алмай зар қағуда. Бұл мәселеге елең еткен депутаттар Үкіметтен шығынға батқандарға көмектесуді сұрады. 

Құралай Қарекен, Мәжіліс депутаты:

- Қытайдың туристік операторларына қатысты азаматтар наразылық танытуда. Қолдағы ақпар бойынша, туристік агенттіктер оларға ақшаларын қайтарудан бас тартып жатқан көрінеді. Себебі, міндеттемелер мен келісім-шарттардың орындалмауына қытайлық тараптың ешқандай қатысы жоқ екен. Үкімет туристердің ақшасын қайтаруға және үзілген демалыстың өтемақысын алатындай жағдай жасауы тиіс.

Министрлер кабинетінің туристерге қашан және қалай көмектесетіні беймәлім. Бірақ бүгін Үкімет жанындағы комиссия көрші елге қатысты бірқатар шек қойды. Бәріне кінәлі – өршіген коронавирус.

Бүгіннен бастап жолаушыларды тасымалдайтын автобус жүрмейді. 1-ақпаннан жолаушылар пойызы қатынамайды. Ал Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы 3-ақпаннан бастап тоқтатылмақ. Сонымен қоса, Қытай азаматтарына виза да берілмейді.

Талғат Ластаев, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

Қазір әуе рейсінің саны – 23. Ол Нұр-Сұлтан, Алматы, Пекин, Санья және Сиянь қалалары арасында орындалған.  Бүкіл билет құны қайтарылады.

Тағы бір  ақпар: ел шулап, қарсы болған теннис жарысы. Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жарыстың өтуіне наразылық білдірген-ді. Сонымен федерация кубогі Нұр-Сұлтанда өткізілмейтін болды. Халықаралық теннис федерациясының ұсынысын Үкімет қолдамады.

Биыл ақпан айының 4-8 аралығында Қытайдың Дунгуан қаласында теннистен Федерация кубогінің іріктеу ойындары өтуі керек болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.