{metadescription}
Адамға оқ атып жаралағандар сотта кінәсін мойындамай ант-су ішті – Петропавл
Адамға оқ атып жаралағандар сотта кінәсін мойындамай ант-су ішті – Петропавл

Адамға оқ атып жаралағандар сотта кінәсін мойындамай ант-су ішті – Петропавл

Петропавлда қаланың қақ ортасында болған атысқа қатысты сот басталды. Жәбірленушіге үйінің алдындағы ойын алаңында оқ атылған еді.

Константин Дарий, адвокат:

- Дәрігерлердің арқасында аяғы аман қалды. Әйтпесе кесіп тастай ма деген қауіп бар еді. Қазір әлі емдеіп жатыр. Өз бетімен жүре алмайтын болғандықтан, бүгін келе алмады.

Айыптаушы тарап бұл жайтқа қатысты өз болжамын айтты. Ащы суға сылқия тойған бір топ жігіт көңіл көтеру кешеніне келеді. Сол жерде жұмыс істейтін жігіт оларды ішкі кіргізбей, оның арты төбелеске ұласады. Көңілінде кек қалған жігіттер оны үйінің ауласында күтіп «өлтіреміз» деп шешкен. Көрген бетте оқ жаудырған. Айыпталушылар орындығында бес адам отыр. Үлкені – отызда, кішісі – жиырма екіде. Бұзақылыққа қатысы бар дегендер кінәсін мойындады. Ал, адам өлтіруге талпынды деген айып тағылған үшеу «кінәміз жоқ» деп ант-су ішуде.

Дәурен Сағындықов, прокурор:

Жәбірленушінің аяғына оқ тиіп, әлсірегеннен жерге құлаған. Ауруы жанына батқан соң, сол күйінде жатып қалыпты. Күдіктілер жәбірленушіні жаралаған соң, өзгелердің көзіне түспеу үшін оқиға орнынан қашып кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде