{metadescription}
Жағдайы жақсы отбасына жәрдемақы төлеу қажет пе?  
Жағдайы жақсы отбасына жәрдемақы төлеу қажет пе?  

Жағдайы жақсы отбасына жәрдемақы төлеу қажет пе?  

Елімізде бір, екі, немесе үш баласы бар отбасына жәрдемақы төлеу мәселесі қаралып жатыр. Алайда ол қомақты қаржыға тіреліп тұр. Үкіметтің есебінше, перзенті төртеуден аз жанұяларға - аз қамтылғандардан қарағанда 15 есе көп төлеу керек екен.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Қазақстанда бір немесе үш баласы бар 2,4 млн отбасы бар, 190 мыңы - аз қамтылған отбасы, бұл 15 есе көп қаржыны талап етеді. Сонымен қатар үлкен мәселе туындайды: жағдайы жақсы отбасыларға  жәрдемақы төлеу керек пе? Біз қазір осы мәселені қарастырып жатырмыз.

Министерлер кабинетінің күн тәртібіндегі бұл мәселе әзірге шешілмейтін сыңайлы. Өйткені шенеуніктер жағдайы жақсы отбасылардың ақшасын санап әлек. Олар дәулетті жанұяларға жәрдемақы төлеу керек пе, жоқ па, әзірге білмейді.

Бір, екі, не үш баласы барларға жәрдемақы төлеу мәселесі көпбалалыларға мемлекеттен көмек беріле бастағаннан кейін туындаған. Ал бүгінде 372 мың көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақыны алып отыр. Жалпы елімізде ана мен балаға көмектің алты түрі бойынша жәрдем беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде