{metadescription}
Коронавируске қатысты жалған ақпарат таратқандар түрмеге жабылуы мүмкін
Коронавируске қатысты жалған ақпарат таратқандар түрмеге жабылуы мүмкін

Коронавируске қатысты жалған ақпарат таратқандар түрмеге жабылуы мүмкін

Қапшағайда екі адамның коронавирус жұқтырғанын айтып елді дүрліктіргендер ұсталды. Әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарт таратқан азаматтар алыстан келмепті. Күдіктелер Қапшағайдағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері екен.

Олар: «Қауіпті инфекция жұқтырған екі адам Қапшағай қалалық ауруханасына жатқызылды» деп, WhatsApp желісінде жар салған. Алайда аталмыш ақпарат өтірік болып шықты. Полиция ел арасына қаңқу сөз таратып, халықты үрейлендірген жүргізушілерді ұстады. Енді олар осы әрекеті үшін бір дылға түрмеге жабылуы немесе 2 жарым миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін.

Серік Үпиев, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:

- Екі күдіктінің жергілікті ауруханада жедел жәрдем жүргізушісі екені анықталды. Қазір ҚК 274 бабына сәйкес, жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу ісі Қапшағай қалалық полициясының өндірісінде. Екі күдікті мекен-жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.