{metadescription}
Коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтер – 30-шы қаңтар
Коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтер – 30-шы қаңтар

Коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтер – 30-шы қаңтар

Елімізде 38 адам коронавирус күдігімен ауруханаларда тексеріліп жатыр. Әрқайсының денсаулығында еш кінәрат жоқ екеніне дәрігерлердің көзі жетпейінше, барлығы ауруханадан шығарылмайды. Ал Үкімет қауіпті вирустан сақтық шараларына қосымша миллиардтап қаржы бөліп жатыр. Коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтер. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов былай жариялады. Жалпы, осыған дейін барлығы 54 адам күдікке ілінген екен. Соның 16-нан еш қауіп белгісі табылмай, үйіне жіберіліпті.

Әлемге қауіп төндіріп тұрған беймәлім вирусқа байланысты елімізде мемлекеттік деңгейде арнайы комиссия құрылып, шаралар жоспарын бекітілген. Шекарада Қытайдан келіп жатқан азаматтар ерекше санитарлық тексеруден өткізілуде. Олар елге келгеннен кейін де толық бақылауға алынған. Ал аталмыш 38 адам ауруханаларда барынша оқшауландырылған.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Барлық науқастардан ерекше лабораториялық анализ алынды. Қазір диагностика өткізілуде. Алматы қаласында орналасқан аса қауіпті инфекцияларға байланысты ұлттық ғылыми орталығының негізінде және ұлттық биотехнологиялық орталық мамандарымен бірге арнайы генетикалық диагностика басталды.

Үкімет басшысының тапсырмасымен қосымша қорғаныш заттары алынып жатыр. Оған үкімет қазынасынан қосымша 1,6 миллиард теңге бөлінген. Егер халық арасында науқас пайда болып, оларға медициналық көмек керек болса, қажетті қаражат та, керек заттар да бар деген сөз.   

Жалпы, коронавирусқа қатысты мәлімет күнделікті жаңартылып отырады. Ертең де министрлік өкілдері түс қайта тың мәліметтермен бөліседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде