{metadescription}
АҚШ пен Мексика арасындағы «Трамп дуалы» құлады
АҚШ пен Мексика арасындағы «Трамп дуалы» құлады

АҚШ пен Мексика арасындағы «Трамп дуалы» құлады

Дауылға шыдас бермеді. «Трамп қабырғасы» атанған АҚШ пен Мексика арасындағы дуалдың бір бөлігі жойқын желден қақырап кетті. Биіктігі тоғыз метрлік қорған Мексика аймағына қарай құлаған.

Оқиға Сан-Диего қаласынан шығыс бағытқа қарай 160 шақырым қашықтықта болған. Ал дуалдың бұл бөлігі жақында тұрғызылғандықтан, әлі бетон құйылмаған екен. Соның кесірінен қатты желден шайқалып, қоршаудың 40 метрдей аралығы құлап тынды. АҚШ шекара қызметінің хабарлауынша, көрші елдің полицейлері дер кезінде шекара маңындағы жолды жауып үлгеріпті. Қазір қайта жөндеу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, АҚШ пен Мексика арасында қабырға тұрғызу – Дональд Трамптың 2016 жылғы президент сайлауындағы басты уәделерінің бірі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде