{metadescription}
Қазгидромет: Күн күрт жылынады
Қазгидромет: Күн күрт жылынады

Қазгидромет: Күн күрт жылынады

Күн күрт жылынады. Синоптиктер алдағы үш күнде сарышұнақ аяздың беті қайтып, суық ауа райын жауынды күндер алмастырады деп болжам жасады. Қара теңізден ығысқан циклонның әсерінен бірқатар аймақтарда тұман басып, жел күшеймек. Сондықтан Қазгидромет мамандары көктайғақтан сақ болуға шақырады.

Лаура Сайлыбаева, жетекші синоптик:

- Республикамызда алдағы үш тәулікте жауын-шашын және екпінді жел күтілуде. Қазақстанның солтүстік-батыс, солтүстік аймақтарында желдің күшеюі секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ, тұман және көктайғақ күтілуде.

Ал қалған өңірлерде күн жылиды. Мәселен, солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасы минус 5-тен +5-ке дейін көтерілсе, оңтүстік және батыста плюс 3 пен 8 градус аралығында болады. Ал оңтүстік-шығыста нағыз жаймашуақ күн райы орнамақ. Өйткені бұл өңірде сынап бағанасы +15 градусқа дейін көтеріледі деп болжайды мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.