Ақтаудың бас ветеринары анықтамаларға пара алып келген
Ақтаудың бас ветеринары парамен ұсталды. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті қалалық инспекциясының басшысы жем-шөпті шетелге экспорттау үшін ветеринарлық анықтамаларды ақшаға жасап берген.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
03.02.2020
Шенеунік аталмыш сертификатты серіктестік басшыларына жедел түрде жазып бергеніне 20-30 мың теңге көлемінде пара алып отырған деген күдікке ілінді. Оған қоса, қаланың бас ветеринарының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымды басқаруға заңсыз қатысқаны жөніндегі дерек тексерілуде. Қазір ол дезинфекция бойынша дәл осы ұйыммен келісімшарт жасап, 2 миллион 500 мың теңге көлемінде пайда тапты деген де күдік бар. Мәлімет бойынша, ақша аударылса да, дезинфекция шаралары атқарылмаған. Күдікті өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге өтініш бергендіктен қамауға алынған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!