{metadescription}
Балаға бір жарым немесе үш жасқа толғанша және мүгедектер күтіміне қосымша жәрдемақы төлеу қалай жүзеге асырылады  
Балаға бір жарым немесе үш жасқа толғанша және мүгедектер күтіміне қосымша жәрдемақы төлеу қалай жүзеге асырылады  

Балаға бір жарым немесе үш жасқа толғанша және мүгедектер күтіміне қосымша жәрдемақы төлеу қалай жүзеге асырылады  

Елімізде бала бір жарым немесе үш жасқа толғанша жәрдемақы берілуі мүмкін. Қазіргі жүйе бойынша мемлекеттік көмек сәби бір жасқа толғаннан кейін тоқтатылады. Сондай-ақ, мүгедектер күтіміне қосымша жәрдемақы төлеу мәселесі де қаралып жатыр. Үкімет алда түрлі жол қарастырып, есебін түгел шығармақ. Сонымен жаңа жәрдемақы Еңбек министрлігінің нақты жоспары ма, әлде қағаз жүзінде қалатын кезекті бастамасы ма?

Соңғы кездері Үкімет балаларға берілетін әлеуметтік көмек жайында көп әңгіме қозғап жүр. Соның бірі – сәби бір жарым немесе үш жасқа толғанға дейінгі жәрдемақы беру бастамасы. Бүгінде мемлекет мұндай көмекті бала бір жасқа жеткеннен кейін тоқтатып тастайды.

Елімізде қазір 387 мың ана бала күтіміне байланысты жәрдемақысын алып отыр. Яғни жұмыс істемейтін аналарға бюджеттен бір жыл бойы ай сайын 15 мыңнан 24 мың теңгеге дейін жәрдемақы төленеді. Ал әлеуметтік сақтандыру қорынан ақшаны тек жұмыс істейтін әйелдер ғана алады. Олардың жәрдемақысы – өз жалақысының 40 пайызы шамасында.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Бұл Еңбек министрлігінің, өзіміздің ойымыз. Осындай бастама жасасақ па деп. Бір жыл бойы ай сайын төленеді. Сол төлемді бір жыл бойы емес, үш жыл бойы төлесек деп. Ол деген 730 мың адамға дейін ұлғаяды. Сол мөлшерде үш жыл бойы төлесек пе дейміз.

Үкіметтің бастамасы қашан жүзеге асатыны белгісіз. Сондықтан аналардың қомақты қаржыдан дәметуіне әлі ерте. Алайда жаңашылдықты жаны қалайтын жандар баршылық. Елордалық тұрғын Бота Өміртайдың пікірінше, мұндай жәрдемақы қажет-ақ. Тіпті әлеуметтік көмек берілген жағдайда ол толықтай мәселені шешіп, тығырықтан шығармауы да мүмкін.

Бота Өміртай, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Қазір балаларда тәрбие жоқ. Өйткені ата-анасы ипотека,несие алса, соны жабу үшін таңнан кешке дейін жұмыс істейді. Үкіметке айтатынымыз, әр балаға жәрдемақы төлесін. Үш жасқа дейінгі балада өте көп шығын болады.

Еңбек министрлігінің екінші бастамасы – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға мемлекеттік қолдау. Бүгінде ата-аналар мен қамқоршыларға мүгедек бала күтіміне жәрдемақы қарастырылғанымен, бала кезінен мүгедек емес бірінші топтағы ересек жарымжандарға көмек берілмейді екен.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Біз мүгедектігі үшін күтімге жәрдемақы төлеу бастамасын көтермекпіз. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаға, сонымен қатар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедек бала күтіміне жәрдемақылар төленеді. Бұл жерде туғаннан емес, бірінші топтағы ересек мүгедектер жайын айтып отырмыз. Олар да күтімді қажет етеді ғой. Сондықтан қосымша жәрдемақы енгізу дұрыс болар еді.

«Келісіп пішкен тонның келте болмайтынын» білетін Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов бұл ұсыныстарын Үкіметте қорғап көрмек.

Айтып өтейік, өткен аптада ғана дәл осы министрлік еліміздегі бір, не үш баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлеу туралы елді елең еткізер жаңалық айтқан-ды. Алайда шенекуніктердің перзенті төртеуден аз жанұяларға көмектесуі жуық арада болмайтын секілді. Себеп – қомақты қаржының қажеттігінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде