Халық көп шоғырланатын жерлерде жарылыс жоспарлаған 5 азамат ұсталды
Елімізде лаңкестік әрекет жасамақ болды деген күдікпен 5 азамат ұсталды. Олар халық көп шоғырланатын жерлерде жарылыс жасауды жоспарлапты.
03.02.2020
Алайда жат ағымның жетегіне еріп, теріс жолға түскендердің арам ойы жүзеге аспады. Оларды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қолға түсірді. Тараз және Қарағанды қалаларында шоғырланған күдіктілердің барлығы да бұрын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қазір бесеуі де қамауға алынды. Оларға лаңкестік ұйым құрып, терроризмді насихаттады деген айып тағылып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары