Қытай экономикасына инвесторлар күдікпен қарай бастады
Қытайдағы коронавирус ел экономикасын да теңселтіп кетті. Бүгін көрші елдің қор биржасындағы акциялар 10 пайызға дейін төмендеді.
03.02.2020
Тіпті шетелдік инвесторлар да бұл елдің экономикасына күдікпен қарай бастаған. Мәселен, өндірістік салаларға салына бастаған инвестиция көлемі соңғы бір айда 18 пайызға азайыпты. «Қауіпті індет ауыздықталмаса, нарықтағы жағдай бұдан да бетер ушыға түсуі мүмкін», - дейді сарапшылар. Өйткені коронавирус күн сайын өршіп барады. Соңғы дерек бойынша қатерлі инфекцияны 17 мыңнан астам адам жұқтырып, соның 361-і адам қайтыс болған. Дертке шалдыққандардың 2300-і өте ауыр жағдайда. Әсіресе ауру ошағы таралған Хубей мен Ухань қалаларында өлім көп тіркелуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!