Коронавирус қаупі жайлы соңғы деректер – 3-ақпан
Қытайдан қайтарылған студенттердің ешқайсысы қауіпті ауруға шалдықпаған. Еліміздің Бас санитар дәрігері осындай мәлімдеме жасады. Айта кетсек, кеше 83 адам Ухань қаласынан арнайы ұшақпен жеткізілген. Олардың 80-і студент. Одан бөлек, тағы 24 шетел азаматы бар. Олар қазір елордадан жеті шақырым жердегі емханада карантинде жатыр. Тек арнайы шарадан кейін ғана өз еліне қайтарылады. Коронавирус қаупі жайлы соңғы деректерді елордалық тілшіміз айтады.
Автор: Ербол Тұрымбет
03.02.2020
Олар Отанына аман оралғандарына қуанышты. Жүзінде күлкі ойнап, бас бармағын көрсетіп жатқаны да сондықтан. Кеше Қытайдың Ухань қаласынан жеткізілген 89 адам елордадан сыртқары орналасқан инфекцияға қарсы көпсалалы ауруханаға жайғастырылған.
Гүлбақыт Болатбекқызы, студент:
- Ухань қаласынан келіп отырмын. Бізбен қоса ұшақта 100-ден аса адам келді. Бәріміз қазір отанымыздамыз. Медқызметкерлер, яғни дәрігерлердің тікелей қарауындамыз. Біздің жағдайымыз жақсы. Кім бізді қолдап, біз үшін шынымен қобалжып, шын жүректен өзінің ақ тілегін арнаған ағайындарымызға, бауырларға алғысымызды айтамыз.
Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің айтуынша, 6-шы қаңтардан бері тексеріске алынған Қытайға барып келгендердің ішінен ешқандай қауіпті ауру белгісі табылмапты. «Кеше Қытайдан жеткізілген студенттерден де коронавирус белгісі көрінбеді», - дейді Бекшин.
Жандарбек Бекшин, ҚР Бас санитариялық дәрігері:
- 89 адам дене қызуымен, жіті респераторлық инфекция шағымымен оқшауланған. Ауруханаға жатқызылды. Қазір 46 адам ауруханада қалды, 43 адам стационарлардан шығарылды. Барлық ауруханадан алынған сынамалар қосымша бақылау үшін Алматыдағы ұлттық ғылыми ерекше жұқпалы аурулар орталығына жіберіледі.
Жалпы кеше Қытайдан келген 89-дың 83-і өз азаматымыз болса, бесеуі Беларусь және бірі Армения азаматы. Олар карантин бітпейінше, Қазақстанда болады. Беларусь денсаулық сақтау министрлігі бұл жөнінде мәлімдеме жасады.
Қазір барлық эвакуацияланған азаматтарымыз елордалық инфекцияға қарсы көпсалалы ауруханада жатыр. Ол қаладан жеті шақырым жерде орналасқан. Емхана барлық инфекциялық қауіпсіздік, диагностикалық, емдік технологиялармен және реанимациялық қондырғылармен толық қамтылып, медициналық персонал жеткілікті. Қытайдан шығарылғандардың барлығы карантин алынғанша осы мекемеде болады.
Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Осыған дейін қырғыз елінің 18 азаматы арнайы ұшақпен Бішкекке ұшып кеткен еді. Енді қалған 6 азаматты да елдеріне қайтару жолдары қарастырылып жатыр. Ал бүгін арнайы ұшақтар еліміздің соңғы азаматтарын Қытайдан алып келеді. Бұған дейін көрші елмен арада жолаушылардың автобус және пойыз қатынасы тоқтаса, ертеңнен бастап әуе қатынасы да үзіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!