{metadescription}

Алматыда қолдануға келмейтін 14 жарым мың мүшеқап өртелді

Қолдануға келмейді! Алматыда 14 жарым мың дана мүшеқап өртелді. Әділет департаментінің қызметкерлері заңсыз айналымнан тәркіленген тауарларды осылайша жойды.

Аталмыш заттың танымал брендтерінің атымен шығарылған өнімдер еш талапқа сәйкес келмейді. Бір реттік тауардың осылайша 14 мың 511 данасы салынған ондаған қорап бүгін отқа оранды. Контрафактілік өнімнің жалпы құны 993 мың 470 теңге. Ал оны базарларға таратқан азаматқа айыппұл салынған.

Еркебұлан Жетпісбаев, Алматы қалалық Әділет департаменті Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы:

- Сапасы өте нашар. Түпнұсқасымен салыстырғанда. Бағасы жағынан да төмен. Адамның денсаулығына зиян келтіре отырып, ең жаман ауруға әкеліп соқтырады деуге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.