Қатерлі ісік – обырдан құлан-таза айыққан
Елімізде 180 мың адам қатерлі ісікпен тіркеуде тұр. Ал 14 мыңға жуық адам аталмыш дерттен көз жұмған. Онкологтардың айтуынша, әсіресе өкпе, асқазан және сүт бездерінің обыры көп кездеседі.
Автор: Салтанат Шырынхан
04.02.2020
Мамандар бұған көбіне денсаулығына жүрдім-бардым қарайтын тұрғындардың өздері кінәлі дейді. Адам мұрнынан қан кеткенде емес, сау кезінде дәрігерге көрініп тұруы керек. Елімізде онкологиялық ауруларға ем тегін жүргізіледі. Аты жаман ауру Шығыс Қазақстанда, Қарағанды және Түркістан облыстарында, сондай-ақ, Алматыда өршіп тұр. Дертке 30-70 жас аралығындағы адамдар жиі шалдығады.
Сондай-ақ, обыр десе, өзіне үкім шығарып, өлімге мойынұсынатындар аз емес. Дәрігерлер осындай ойдан аулақ болуға да шақырды. Олардың айтуынша, ауруын асқындырмай емдесе, науқастардың 90 пайызы сауығып кетуі әбден мүмкін. Мәселен, қауіпті дертпен күресіп жеңіп шыққанның бірі – Аружан Тоқан. Ол қатерлі ісіктің алғашқы сатысында қаралып, қазір құлан-таза айыққан.
Аружан Тоқан, Алматы қаласының тұрғыны:
- Онкология дегенде бұл ауруды естіп көрмегенмін. Жылағым келді. Өмір сүрмеймін бе деп қорықтым. Тағы бір көмектескені – спорт. Спорттың арқасында осы ауруды женіп шықтым деп ойлаймын. Аллаға шүкір, қазір денсаулығым жақсы. Ауруымды жеңгеніме өте қуаныштымын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!