{metadescription}
Ақтөбеде газ желілері ұйымдары газ бекеттерін бос қалдырды
Ақтөбеде газ желілері ұйымдары газ бекеттерін бос қалдырды

Ақтөбеде газ желілері ұйымдары газ бекеттерін бос қалдырды

Ақтөбедегі газ бекеттерінің жартысынан көбі бос тұр. Өйткені бағаны тұрақтандыруға арналған әлеуметтік сұйытылған отын тиісті орнынан жетпеген. Энергетика министрлігі ай сайын автокөлікке арналған әлеуметтік газды бекеттерге тең бөлуді газ желілері ұйымдарына жүктепті. Ондағылар арзан көгілдір отынды өздері иемденіп, білгенін істеуде дейді кәсіпкерлер. Ал аймақ басшылары бұған қол қусырып қарап отыр.

Ақтөбедегі автогаз сататын бекеттердің жартысынан көбінде сұйытылған газ жоқ, не тек талонмен береді. Көгілдір отын іздеген жүргізушілер қаланы шарлап сабылуға мәжбүр. Аймақта автокөлік газы жоқ емес, бар. Бірақ осы саладағы ұйымдар өздері иемденіп, өзге бекеттерге бермей отыр.

Асан Телеғожин, газ бекетінің басшысы:

- Газ жетпей жатыр. Бөлінген өкіметтің газын газ желілеріұйымдары бермей тұр. Осы ақпанда мүлдем газсыз қалдық.  

Бәкен Сәндібек, газ бекетінің меңгерушісі:   

- Мысалы, отыз күннің жиырма күнінде жасаймыз ба, жасамаймыз ба, оның өзі арман. Жұмысшыларымызды, ауысымдағы жұмысшыларды үйіне қайтарып жіберу керек болады. 

Ақтөбедегі автокөліктердің жартысынан көбі көгілдір отынмен жүреді. Бұл аймаққа энергетика министрлігі айына небәрі сегіз жарым мың тонна әлеуметтік газ бөліп отыр. Оның зауыттағы құны литріне 47 теңге болса, бекеттерде 60-64 теңгеден сатылып келді. Бұрын әлеуметтік газды газ тасымалдаушылары қауымдастығы тең бөліп беретін. Қазір олардың ұсынысымен комиссия мүлдем санаспайтын болыпты.

Алтынай Мұқанова, Ақтөбе облыстық газ тасымалдаушылар қауымдастығының төрайымы:

- Қазір биліктің бәрін газ желілері ұйымдарына беріп қойған. Бұрын бекеттер газды теңдей бөліп алатын болса, қазір ұйымдағылар көрпені өзіне қарай тартады. Өздерінің қарамағындағы бекеттерге ғана отын береді. Мұндай әділетсіздікке әкімдік те, прокуратура да көз жұмып қарап отыр.

Ал әкімдіктегілер әлеуметтік газды бөлу ісіне «араласа алмаймыз» деп отыр.

Нұртай Сертаев, Ақтөбе облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Тап қазір АГЗС жазып отырған арыздары бойынша, сен мына АГЗС-ке бөл, сен мына АГЗС-ке бөл деп айта алмаймыз. Жеке бекеттердің арасында ондай заң қазір бізде жоқ. Біз министрлікке әкімдік атынан ереже енгізу бойынша хат ұсындық.  

Әлеуметтік газға иелік етіп отырған зауыт пен екі ортадағы делдалдарға «әй дейтін әже де, қой дейтін қожа» болмай отыр. Оған мүмкіндікті энергетика министрлігі беріп қойған. Ал аймақтарда бақылайтын құзырлы орган «олай тайраңдамас еді» дейді газ бекеттерінің иелері. Сондай-ақ, қолдан жасалған автокөлік газының тапшылығынан көгілдір отын да қымбатауы ғажап емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.