Ақтаудың караоке-барында оқ атқан екі адам іздестірілуде
Ақтаудағы караоке-барда оқ атқан екеуді полицейлер таба алмай жатыр. Медициналық бетперде таққан олардың әрекетінен ешкім зардап шеккен жоқ.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
04.02.2020
Караоке-барда таң ата әлі де оннан аса қонақ болған екен. Жайбарақат дем алып отырғандардың үстіне қару ұстаған екеу кіріп келеді. Барға келушілердің бірі оларды тоқтатпақ болғаны, бетперде киген екеудің оған бағынбай залға қарай өтіп кеткені, басқа да әрекеттері ғимарат ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қос азамат мұнда мылтығын кезеніп, бірнеше минут жүріпті. Содан соң жерге қаратып оқ атады да, шығып кетеді.
Анар Иванова, Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:
- Қолында қаруы бар екі белгісіз адам Ақтау қаласының барларының бірінде екі рет оқ атып,оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Тергеу барысында бейнекамералардан жазбалар мен оқтар алынды. Қазіргі таңда күдіктілерді анықтап, ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!