Сотталушының жазасын жеңілдетуге қомақты пара алған 60 жастағы судья ұсталды – Түркістан облысы
Түркістан облысында судья пара алу кезінде қолға түсті.
Автор: Бек Әбиев
04.02.2020
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Рахымбаевты Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп ұстап отыр.
Тергеу мәліметінше, 60 жастағы судья сотталушының жазасын жеңілдетуге үлкен көлемде пара алыпты. Кейбір дереккөздер ауызбастырық құнын 3 миллион теңге деп отыр. Жедел түсірілімде бума-бума 10 мың мен 20 мың теңгеліктер және 100 долларлықтарды анық көруге болады. Түркістандық судья қылмысын толық мойындаған. Енді оның жазасын өз әріптестері шешетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!