Балалардың ойын алаңын құратындар ұлттық стандартты орындауға міндетті
Балалар аттракциондары бойынша ұлттық стандарт қабылданды. Бірнеше қайтара қайғылы жағдайға әкелген жайттардан соң тиісті орындар осындай тәртіп енгізіп жатыр. Енді кез келген адам батут немесе басқа да балалардың ойын алаңын құрар кезде сол стандартты орындауға міндетті.
Автор: Ербол Тұрымбет
04.02.2020
Мысалы, тіркеу журналы, күнделікті тексеріс деген сынды талаптардың қалай жүріп жатқаны қатаң қадағаланады. Бұрын аттракциондар жергілікті атқарушы орындардың жалпы бақылауында болғанымен, ол жүйе жетілмеген еді. Енді Үкімет тапсырмасымен ол әкімдіктердің құзырына берілді.
Айта кетсек, соңғы жылдары батут ойын алаңдары аударылып, орны толмас қайғыға әкелген бірнеше жағдай болған. Соңғысы былтыр мамыр айында Қарағандыда болды. Онда 11 жастағы бала сол жерде тіл тартпай кеткен.
Арман Шаққалиев, Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы:
- Арнайы комиссияның құрамында санитарлар, төтенше жағдай және басқа да қызмет өкілдері болады. Олар сол айтылған стандарттың қалай орындалып жатқанын қадағалайды. Мәселен, электр сымы өтетін жерде аттракцион болмауы керек. Сол секілді онда ойнайтын балалардың жас ерекшелігіне дейін тексереді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!