{metadescription}
Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары түні бойы жол күзетті
Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары түні бойы жол күзетті

Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары түні бойы жол күзетті

Еліміздің батыс өңірінде ауа райының мың құбылуы тұрғындарды әбігерге салып жатыр. Ақтөбе облысында ақтүтек боранның артынан жаңбыр жауып, көктайғақтан жолдар жабылды. Ал діттеген жеріне жете алмай екі ортада қалғандарды тәртіп сақшылары ескертіп әлек.   

- Алдымыз мұздақ болған соң, мына жерде жылы болып тұрғанымен, алдағы жол қатқақ. Сол себепті ешкім қарсыға шықпай, басып озбай, былық жасамайық. Ол сендердің қауіпсіздіктерің үшін!

Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары түні бойы боранның кесірінен жол күзетті. Қар құрсауында қалған100-ге жуық көлік пен ондаған жолаушыны қауіпсіз жерге жеткізген. Енді күн күрт жылынып, толассыз жаңбыр жауып тұр. Көктайғақ болғандықтан көлікпен жолға шығуға шектеу қойылды. Көршілес Оралда да екі күннен бері жаңбыр бір тоқтамады. Бұған дейін қар аршумен әлек болған комуналдық қызмет енді еріген қар суын соратын көлік іздеп сабылып жүр. Мұндай ауа райы бұл өңірлерде наурыздың аяғы мен сәуірдің басында болатын. Ал синоптиктер биыл сақылдаған аязды күтпеңдер деп отыр.

Альбина Кузнецова, инженер-синоптик:

- Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады. Қар аралас жаңбыр. Тұман, көктайғақ болады. Жел күшейеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде