{metadescription}
Павлодар қоқысқа көміліп барады
Павлодар қоқысқа көміліп барады

Павлодар қоқысқа көміліп барады

Қоқысқа көмілген қала! Павлодарда тұрғын үйлердің маңайы қоқысқа толып, жұрт тұрмыс қалдықтарын қайда жіберерін білмей басы қатып жүр. Олардың айтуынша, қоқыс таситын көліктер өткен аптадан бері төбе көрсетпеген. Жергілікті билік әлі күнге дейін қаланы қалдықтан тазартудың нақты шешімін таппай отырған көрінеді.

Екі ортада қалдықтардан аяқ алып жүре алмай қалған тұрғындар бұл баға көтерудің «құйтырқы әрекеті ме» деп қауіптенеді. 

 

Тұрғын үй ауласындағы тазалықты қадағалайтын Людмила Мамонтова бірнеше күннен бері көршілерінің шарасыз күйге түскенін айтады. Өйткені үйілген қоқыстан төңіректе аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал әдеттегі қоқыс таситын көліктерден күдерін үзген зейнеткер қолына қабын ұстап, тұрмыс қалдықтарын өз бетімен жинауға мәжбүр.  

 

Людмила Мамонтова, Павлодар қаласының тұрғыны:  

 

Біздің маңайда бәрі таза болатын. Қоқыс жәшіктерінен шашау шықпай, жинақы тұратын. Тіпті көрші үйдің тұрғындары қалдықтарын осы жерге тастайтын. Қазір тау болып үйілген қоқысқа қарау мүмкін емес. Шашылып жатыр.

Қаладағы үйілген қоқыс мәселесі өткен аптадан басталыпты. Тұрғындар содан бері арнайы көліктердің қарасын көрмегенін айтады. Ашулы жұрт қанша мәрте жауапты мекемелерге шағымданса да, мардымды жауап алмаған. Осылайша тауы шағылған павлодарлықтар қаладағы қолайсыздықты қызмет көрсетуші компанияның баға көтеру саясатындағы құйтырқы әрекеті ме деп күдіктенеді. Ал алғашында «бәрін реттейміз» деп уәдені үйіп-төккен жергілікті билік тұрғындардың қаупін растап отыр.

Арыстан Кенжалинов, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

- «Спецмашин» ЖШС өткен жылғы бағаны көтеруге қатысты өтінішінің негізінде қаңтардың 31-нен бастап қоқыс тасуды тоқтату жөнінде хат жолдаған. Яғни, тариф 159 теңгеден 322 теңгеге дейінгі арылықта. Енді осы көрсетілген баға мәселесі қалалық мәслихатта қаралады. 

Ал қызмет көрсетуші компания өкілдері тұрмыс қалдықтарын жеткізетін жер қалмағынын алға тартады. Себебі, қоқыс алаңында қоршаған ортаға эмиссиялар беретін рұқсаты таусылған көрінеді. Десе де компанияға көріктендіру ережесін бұзғаны үшін 260 мың теңге айыппұл салыныпты. Енді жергілікті шенеуніктер қаланың қашан тазартылатынын тап басып айта алмай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде