{metadescription}
Мамандар: Алматының ауасы денсаулыққа аса қауіпті емес
Мамандар: Алматының ауасы денсаулыққа аса қауіпті емес

Мамандар: Алматының ауасы денсаулыққа аса қауіпті емес

Қара түтін басқан Алматының ауасы адам денсаулығына аса қауіпті емес. Қалалық экология департаментінің мамандары тынысы тарылған жұртты осылай тыныштандыруға тырысты.

Тіпті соңғы 19 жылда ауаның ластану деңгейі қалыпты межеден асқан жоқ дейді. Алайда эко белсенділер бұл уәжбен келіспейді. Олар жылу қазандықтары мен көліктерден шығатын зиянды қалдықтар қала тұрғындарын «тұншықтырып жатыр» деген пікірде. Сондықтан  әкімдіктен бар шаруаны кейінге қалдырып, ең алдымен экологияны жақсартуды талап етуде. Ол үшін жылу қазандықтарын толықтай газға көшіріп, қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру керек. Өйткені Алматының ауасын ең көп ластайтын осы машиналар нөпірі. Одан кейінгі орында алып жылу қазандықтары тұр. Көмір жағатын жеке үйлер үшінші орында. Осындай жеке үйлер көп салынған Алатау ауданы Алматыдағы ауасы ең лас жерлердің көшін бастап тұр.

Данияр Әлімсейітов, Алматы қалалық экология департаменті директорының орынбасары:

- Экосервис деген компаниямен Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысымен зерттеулер жүргізілді. Сол зерттеулердің нәтижесінде 80 мың тонна жылына, яғни, 64,4 пайыз шығарынды осы көліктерден болып тұр. ГАИ дің мәліметінше бізде 533892 көлік бар. Тағы да қалаға күніне 200 мыңдай көлік кіріп тұрады. Одан кейінге орында ТЭЦ. Сонда 700-800 мыңдай көлік.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде