Дариға Назарбаева: Мектептер оқушы еңбегін тиімді пайдаланса, қаржыны айтарлықтай үнемдейді
Балаларды еңбекпен де тәрбиелеу керек! Себебі, жұмыс десе, кежегесі кейін тартатын жастар көбейіп барады. Сенат спикері Дариға Назарбаеваның сөзінше, бұл жағдай еңбекті тәрбие құралы ретінде пайдаланбағандықтан қалыптасып отыр.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
05.02.2020
Жастар кеңесінің отырысында балалар еңбегі мәселесі көтерілді. Оқушыларды мектеп жасынан бастап жұмысқа баулып, бойына еңбекқорлықты сіңіру арқылы азаматтық болмысын қалыптастыру маңыздылығы қозғалды. Сенат спикерінің айтуынша, егер мектептердің барлығы оқушылардың еңбегін сыныптарды жинауда, мектеп айналасын абаттандыруда тиімді пайдаланса, айтарлықтай қаржыны үнемдеп қалар еді. Сондай-ақ, Дариға Назарбаева балалар еңбегін пайдалануды заңмен тыйып тастаудың орнына, еңбекке жаппай жұмылдыра отырып тәрбиелеудің жолын қарастыруды ұсынды.
Дариға Назарбаева, Сенат спикері:
- Естеріңізде болса, кезінде мектепте барлығымыз да сынып бойынша кезекшілік міндетін атқаратынбыз. Сабақтан соң кезекші сыныпты тазалап, ретке келтіретін еді. Ондай міндеттен кем болмадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!