{metadescription}
Қазақстан нарығына қай елдердің әуе компаниялары кіргелі отыр 
Қазақстан нарығына қай елдердің әуе компаниялары кіргелі отыр 

Қазақстан нарығына қай елдердің әуе компаниялары кіргелі отыр 

Биыл жаңадан 14 халықаралық әуе бағыты ашылады. «Ашық аспан» режимін енгізудің арқасында қазақстандықтар енді наурыз айының соңынан бастап Катар астанасы Дохаға ұша алатын болды. Ал жазға қарай Беларусь әуе компаниясы Минскімен арада ұшақ ұшырмақ.

Егер межелі жоспар орындалса, Катар мен Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, Біріккен Араб Әмірліктері және Кувейттің белгілі әуе компаниялары Қазақстан нарығына кіргелі отыр. Авиация мамандарының айтуынша, осының арқасында ел азаматтарында таңдау көбейіп, билет құны төмендей бастайды. Дегенмен ішкі бағыттар тек отандық әуе компанияларының еншісінде қала бермек.

Айта кетсек, былтыр елімізде 11 қалада «Ашық аспан» режимі енгізіліп, 12 бағытта халықаралық қатынас орнаған. Соның арқасында ел астанасынан Прага мен Ұлан-Батырға және Токиоға тікелей әуе қатынасы ашылған.

Тимур Тілегенов, Азаматтық авиация комитеті халықаралық қатынастар басқармасының басшысы:

- Биыл бізде Швейцария елімен, Оңтүстік Корея, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясының авиациялық билік органдарымен келссөздер жүргізу жоспарланып отыр. Бұл біздің бағыттар санын, рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде