Парламент, мәслихат депутаты, судья және мемқызметкер сыйлық алса, жазаға тартылатын болады
Мемлекеттік қызметкерлерге енді мүлде сыйлық берілмеуі мүмкін. Жемқорлықпен күрес агенттігі заңға осындай өзгеріс енгізбекші. Себебі, Азаматтық кодексте белгілі бір деңгейде рұқсат етілсе, Қылмыстық кодексте мүлде шектеу қойылған.
Автор: Ербол Тұрымбет
06.02.2020
Олжас Бектенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:
- Азаматтық кодекстен біз қазір алып тастап отырмыз осы норманы. 509-бап Азаматтық кодекестің, ол Қылмыстық кодекске сәйкес келмегендіктен, алып тастауға ұсынамыз.
Мысалы, Азаматтық кодекстің 509-бабымен 25 250 теңгеге дейінгі сыйлыққа жаза қарастырылмаған. Ал Қылмыстық кодексте 5 мың теңгеге дейінгі сыйлық алушы да, беруші де әкімшілік жауапқа тартылады. Құны одан асса, қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр. «Сайып келгенде, екі кодекс бір-біріне қайшы», - дейді мамандар. Сондықтан Азаматтық кодекстегі сыйлық беру межесін түбегейлі алып тастау жөнінде ұсыныс беріліп отыр.
Сыйлық алғанына жазаға тартылатын тұлғалардың тізімі де артпақ. Олардың қатарына Парламент пен мәслихат депутаттары, судьялар және мемлекеттік функция атқара алатын басқа да азаматтар кірген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!