{metadescription}
Жаңа тағайындалған бас мүфти – Наурызбай қажының жоспары   
Жаңа тағайындалған бас мүфти – Наурызбай қажының жоспары   

Жаңа тағайындалған бас мүфти – Наурызбай қажының жоспары   

Бас мүфти ауысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс 9-шы құрылтайында әр өңірден жиылған 300 делегат бірауыздан Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын қолдап дауыс берді.

Наурызбай қажы Ташкентте, Мысырда және Алматыдағы Нұр-Мүбәрәк университетінде білімін жетілдірген. Әр жылдары республикамыздың түрлі мешіттерінде имам қызметін атқарып, бір жылдары Дін істері агенттігінде де департамент басқарды. Ал соңғы қызметі Бас мүфтидің бірінші орынбасары әрі республикалық Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы болған еді. Ал осыған дейін Бас мүфти болып келген Серікбай қажы Ораз өз қалауымен орнын орынбасарына босатуға шешім қабылдаған. Жаңадан тағайындалған Бас мүфти елге аянбай қызмет ететінін айтып, жоспарларымен бөлісті.

Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти:

- Өзіміздің қазақстандық ислам мектебін орнату. Өйткені өздеріңіз білесіздер, біз Кеңес үкіметінің құрамында болдық. Ол кезде дінге көп ашықтық болмайтын. Кейін тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген студенттеріміз жан-жаққа білім алуға кетті. Имамдарымыз да халықтың сұранысына сай болатындай білікті, зияткер, білімді, интеллектуалды имам қалыптастыру жоcпарымызда бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде