{metadescription}
Вирус поштамен жұқпайды. Шетелге экспорттауға шектеу жоқ
Вирус поштамен жұқпайды. Шетелге экспорттауға шектеу жоқ

Вирус поштамен жұқпайды. Шетелге экспорттауға шектеу жоқ

Қытаймен арада пошта алмасулары ресми тоқтаған жоқ, ол тек кешеуілдеп жатыр. Басты себеп – Қытайда жаңа жыл мерекесінің тойлануы. Ал вирус пошта арқылы тасымалдануы мүмкін деген жалған сөз дейді «Қазпошта» мамандары.

Бағдат Әділов, «Қазпошта» АҚ Е-коммерция департаментінің бас маманы:

- Жаңадан шыққан вирус пошта жөнелтілімдерімен берілуі мүмкін емес. Сондықтан ешқандай қауіп тууы мүмкін емес деп  ойлаймын. Осы жағдай Қытайдың жаңа жылына тура келіп қалды. Қытайдың жаңа жылы болған кезде, өздеріңіз білесіздер, шекара жабылады.

Олардың айтуынша, біздің ел пошта алмасуға Қытайдың Шыңжан автономиялық ауданымен байланыс ұстайды екен. Олар әзірге пошта тасымалын қабылдап та, жіберіп те жатқан жоқ. Сондықтан екіжақты зат алмасу уақытша ғана тоқтап тұр дейді мамандар. Ал пошта арқылы да тарауы мүмкін дегенді жуырда ғана еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтқан болатын. Сондай-ақ, медициналық бетперде тапшылығына байланысты шетелге экспорттауға шектеу қойылды деген ақпар да жалған болып шықты. Оны кеше ғана Денсаулық сақтау министрлігі айтқан еді. Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі олардың өтірігін шығарып отыр. Айта кетейік, 6-қаңтардан бері елімізге Қытайдан келген 30 мыңнан астам адамнан ешқандай коронавирус белгісі табылған жоқ. Дегенмен 30 адам әлі де арнайы емханада дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде