{metadescription}
Тоғыз аймақта дауыл! Ауа райы хабарламасын мүлт жібермей бақылап отырыңыздар
Тоғыз аймақта дауыл! Ауа райы хабарламасын мүлт жібермей бақылап отырыңыздар

Тоғыз аймақта дауыл! Ауа райы хабарламасын мүлт жібермей бақылап отырыңыздар

Ауа райының сан құбылуы жұртты әбігерге салып жатыр. Ақ түтек бораннан соң еліміздің біраз аймағында қар аралас жаңбыр жауды. Қазіргі күннің өзінде Ақтөбеде бір тәулік бойы жаңбыр шелектеп құйып тұр. Ал орталық өңір әлі күнге қалың жауған қарды аршумен әлек. Бірақ бұл жақта да демалыс күндері күн күрт жылынып, дауыл күшейеді. 

Қарағанды облысына қарасты бірнеше ауылда төтенше жағдай жарияланды. Оскаровка ауданында ақтүтек бораннан соң бірнеше елді мекенмен қатынас үзіліп қалған. Қазір қарды аршып үлгермей жатыр. Ауа райынының құбылуынан қорыққан аудан билігі күн күрт жылынса, аталған ауылдар «тасқынның астында қалуы мүмкін» дейді. Олар осыған дейінгі болған боранмен алысуға жекенің қолындағы техника күшін қарызға пайдаланыпты. Аудан билігі төтенше жағдай жариялау арқылы қазынадан қосымша қаражат сұрамақшы.

Руслан Нұрмұханбетов, Осакаровка ауданы әкімінің орынбасары:

- Жанармай бар, қалған кісілерге тамақ бердік, соған жеке кәсіпкерлерге ақша төлеуіміз керек. Көктемде бізде төтенше жағдай болуы мүмкін. Қар шығару үшін әкімнің резервінен ақша алуға, осы жұмістарды жасауға төтенше жағдай жарияладық. Бүгін бізде Осакаровкада тағы боран.

Елордада түстен кейін оқушыларға сабақ болмай қалды. Мұндағылар да әлі ақтүтек боранмен әлек. Бірнеше бағыттағы жолдар жабылған. Синоптиктер бұл ұзаққа созылмайды деп отыр. Күн күрт жылынып, арты жаңбырға ұласады. Желдің ызғары да қатты.

Жанар Сергебаева, инженер-синоптик:

- Солтүстік теңіз аймақтарынан суық арктикалық ауа массалары түсіп, батыс және солтүстік облыстарда ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. Ал оңтүстікте +10-15, қиыр оңтүстікте 20 градусқа дейін жылы болады.

Еліміздің батыс өңірі ақпандағы ақ жауыннан шаршаған. Ақтөбеде кешеден бері жауын шелектеп құйып тұр. Бұған дейін қар аршумен әуреленген комуналшылар, енді су соратын көлік іздеп сабылуда. Дегенмен демалыс күндері бұл аймақта аяз күшейіп, дауыл тұрады. Сондықтан құтқарушылар көлікпен жолға шықпауды ескертіп жатыр.

Асқар Төлешов, Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

- Ұсынысымыз: алыс жолға шықпасын. Ол қауіпті. Қауіпті учаске болса, жолдар жабылуы мүмкін.

Ішкі істер министрлігі тұрғындардан ауа райына қатысты хабарламаны мүлт жібермей, бақылап отыруды сұрайды. Демалыс күндері еліміздің тоғыз аймағында долы дауыл тұрады. Әсіресе Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел екпіні секундына отыз метрге жетеді екен. Ал еліміздің батыс өңірінде және Қостанай мен Қызылорда облыстарында қалың тұман мен көктайғақ деп болжауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде