{metadescription}
Кәсіпкерлік идеялар фестивалінде ең үздік 45 жұмыс іріктеліп алынды
Кәсіпкерлік идеялар фестивалінде ең үздік 45 жұмыс іріктеліп алынды

Кәсіпкерлік идеялар фестивалінде ең үздік 45 жұмыс іріктеліп алынды

Алматыда оқушылар мен студенттер арасында кәсіпкерлік идеялар фестивалі өтіп жатыр. Онда еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар 150-ден аса бизнес жобасын ұсынған. Солардың ішінен ең үздік 45 жұмыс іріктеп алынды. Фестивальге қатысушылардың арасында тек пайда табуды мақсат тұтпай, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысып жүрген ұл-қыздар да бар.

Лаура Лау, 4-курс студенті:

- Фестивальге omavel деген жобамен келдік. Португаль тілінен аударғанда, omavel деген ерікті көмекші деген мағынаны білдіреді. Волонтер керек болса, көмек керек болса, сайтымызға кіріп, волонтер таба аласыз және оның қатарына кіре аласыз.

Оқушылар мен студенттер кәсіпкерліктің түрлі бағыты бойынша идеясын ортаға салған. Ал ұйымдастырушылар үздік бизнес жобаларды іс жүзінде жүзеге асыруға қол ұшын бермек. Сондай-ақ үздік қатысушылар бес күн бойы кәсіпкерліктен жан-жақты білім алады. Білікті мамандар жастарға бизнес-жоспар құру, бизнес-стратегия әзірлеу, клиентпен жұмыс істеу сынды маңызды жайттарды үйретуде. Игі шара Тұңғыш президент қорының қолдауымен өтіп жатыр.

Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш президенті қоры атқарушы директорының орынбасары:

Мақсатымыз - болашақта бизнеспен айналысқысы келетін мектеп оқушылары мен колледж, университет студенттеріне қажетті білімді дер кезінде беру. Өйткені кәсіпкер экономиканы да, маркетингті де білуі керек. Сондай-ақ, заң жағынан сауатты болуы шарт. Сондықтан шеберлік сыныптарын өткізуге еліміздегі үздік мамандарды шақырдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.