{metadescription}
Еліміздегі ең үлкен тоқыма компаниясы үлкен шығынға ұшырауда
Еліміздегі ең үлкен тоқыма компаниясы үлкен шығынға ұшырауда

Еліміздегі ең үлкен тоқыма компаниясы үлкен шығынға ұшырауда

Қазақстандағы ең үлкен тоқыма компаниясы үлкен шығынға ұшырауда. Олар Қорғаныс министрлігімен миллиардтаған келісім-шартқа қол қойып, соңында тығырыққа тірелген. Бұл жағдай «Қазақстанда жасалған» деген белгімен шығатын киім-кешек, аяқ киім фабрикаларын да кездесіп отыр. Тері-былғары өндіретін кәсіпорын болса, банкрот деп жарияланған. Отандық тауар өндірушілер бүгін жоғары палатадан көмек сұрай келді. Жеңіл өнеркәсіптің бүгінгі жағдайын тілшіміз айтып береді.

«Азала» кәсіпорнының төсек-орын жабдықтары, тоқыма бұйымдары шетелдік нарықта сұранысқа ие. Алайда, отандық өндіруші Қазақстан тарапынан қолдауға ие бола алмай отыр. Мәселен, Қорғаныс министрлігімен жасасқан келісім шарт мерзімінен бұрын бұзылған. Сол себепті, әскери киімге арналған маталар шығару өндірісі тұралап тұр. Өйткені, құзырлы орган көрші елдердің өндірушілеріне сенеді. Ал министрлік әскерилердің киім-кешегіне  жылына 15 млрд теңге бөліп отыр.

Бауыржан Жамалов, «Azala» кәсіпорнының директоры:

2016 жылы «Қазинжиринг» арқылы Қорғаныс министрлігімен жасасқан келісім -шартты биыл министрлік бұзды, сосын мемлекеттік сатып алулар конкурсын аяқасты жариялады. Бізге бір аптаның ішінде матаның жаңа түрін жасаңдар деді. Біз үлгермейміз ғой. Жақында кімнің ұтқаны белгілі болады. Ол Беларусь, Қытай, ресейлік өндірушілердің біреуі. Олардың ішінде алыпсатарлар, трейдерлер болуы мүмкін.

«Қорғаныс министрлігіндегілерді алыпсатарлар қызықтыратын болар» деп күмәнмен қараған Сенат спикері жиынға қатысқан инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілін сұрақтың астына алды. Ал шенеунік келісім шартты бұзған жағдайға атүсті жауап берді.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Государственная компания заключила контракт взяла на себя обязательство обнадёжила предприятие, получается побудила их пойти на дополнительное кредитование и расширение своего производства, а потом раз в одночасье им сказали: «До свидания, теперь мы с вами не работаем». Это что за отношение?

Талғат Жанжүменов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Есть нюанс, и эти нюансы очень существенны. Здесь речи нет, что государственные мужи, как вы сказали, сидим и ломаем людям бизнес.

Ал мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасымен қайта ашылған Семей тері-былғары комбинаты қазір банкрот. 10 жыл бұрын Қазақстан Даму банкінен алынған миллиардтаған қарыздан кәсіпорынның ісі оңбапты. Есепшот бұғатталып, салық төлей алмаған комбинаттың дүние-мүлкі Қазақстан инвестициялық қорының иелігіне өткен.  

Жұмағазы Ра­хым­­ғалиев, Семей тері-былғары комбинатының директоры:

- Аяқ-киім фабрикалары, көп мекемелер, біреуі сөмке тігеді. Бәріне тері бере алмай отырмыз. Бір-екі айдың ішінде мекемені іске қоспасақ, бұл мекемеле «агрессивная среда» дейді, бұл мекемені металломға өткізіп тастауға керек болады. Сондықтан тезірек уақытта іске қосуымыз керек. Сұрау бар, тері бар, мамандар бар. Халық тосып отыр.

Иә, Семейдегі тері-былғары комбинаты 130 жылдық тарихы бар. Еліміздегі 9 аяқ-киім фабрикасын шикізатпен қамтамасыз етіп келген. Кәсіпорынның жабылуынан шаруасы шатқаяқтаған аяқ-киім өндірушілер қазір шикізатты Ресейден алып отыр. Сондай-ақ, балалар аяқ киімінің елімізде дамымағын айтып қалған кәсіпкерлер бұл тауарлардың сапасы өте нашар дейді.

Самал Тілеубаева, «Samhat» аяқ-киім фабрикасының бас директоры:

- Менің екі балам бар. Кейде аяқ-киім сатып аламын. Алайда, оларды балаларыма кигізбеймін. Кесіп, неден жасалғанын қараймын. Қолдануға болмайтын кейбір материалдар қолданылған. Мәселен, гранитоль деген материалды қолдануға болмайды. Бізде өкінішке орай, ешкім оған қарап, мән беріп, сапасын тексеріп жатқан жоқ.

Жалпы, Қазақстанда киім-кешектің 80 пайыздан астамы – шетелден. Шикізаттың аздығынан біздегі тауар өндірушілер нарықты қанағаттандырмай отыр. Бір жағынан, мемлекет тарапынан оңтайлы несиелеу бағдарламасы жоқ. Мемлекеттік сатып алулар, келісімшарт жасасу мәселелері де өзекті.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Ең алдымен, халықтың және тауар өндірушілердің, біздің өндірушілердің мүдделері туралы ойлау керекпіз. 14 жыл бойы нарықта жұмыс істеп келе жатқан тұрақты кәсіпорындар бар екенін біле тұра, неге кедергі жасаймыз. Үдемелі индустриалды иннвоациялық бағдармаласының бірінші кезеңі алдында жоқ болып кеткен кәсіпорындар тағдыры қайталанбауы шарт. Сабақ алуымыз керек қой. Шешілмейтін және мүмкін емес нәрсе жоқ.

Бүгінгі жиында талқыланған мәселелер алдағы күндері тағы да пысықталмақ. Сенат спикері жеңіл өнеркәсіпті дамытып, ондағы кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалмасы үшін мемлекеттік орган басшылары мен кәсіпкерлерді кездестірмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде