{metadescription}
Саяси партияны 20 мың азаматпен тіркеп, жастар мен әйелдердің үлесі арттырылады
Саяси партияны 20 мың азаматпен тіркеп, жастар мен әйелдердің үлесі арттырылады

Саяси партияны 20 мың азаматпен тіркеп, жастар мен әйелдердің үлесі арттырылады

Қазақстанда жаңа саяси партияларды тіркеу жолы жеңілдейді. Және де партия тізіміндегі жастар мен әйелдерге 30 пайыздық квота енгізілді. Әділет министрлігі екі заңға осындай өзгерістер енгізбекші.

Министрліктің ұсынысы бойынша сайлау туралы конституциялық заң мен саяси партиялар туралы заңдар толықтырылады. Мысалы, саяси партияны тіркеу үшін құрамындағы азаматтар саны 40 мыңнан 20 мыңға дейін қысқартылады. Сондай-ақ, партия құрамында жастар мен әйелдердің үлесі 30 пайыздан кем болмауы тиіс. Сол арқылы мемлекеттік қызметтегі жастардың үлес салмағын арттыру көзделген. Министрліктің бұл ұсынысын қоғамдық ұйымдар да қызу қолдап отыр.

Сара Едресова, қоғамдық ұйым директоры:

- Жасы келген депутаттардың жиындарда ұйықтап жатқан бейнежазбалары интернетте өріп жүр. Меніңше, парламенттегі 60-70 жастағы азаматтарды алып тастап, орындарына жастарды отырғызу керек.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде