{metadescription}
Бағдат Мәнізоров өз еркімен арыз жазып қызметінен кетті
Бағдат Мәнізоров өз еркімен арыз жазып қызметінен кетті

Бағдат Мәнізоров өз еркімен арыз жазып қызметінен кетті

Өткен күзде ұсталып, артынан үлкен даумен қайта босатылған Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен ақыры кетті. Ол ешқандай қысым жасалмағанын, өз еркімен арыз жазып жұмыстан босағанын айтады.

Былтыр шілде айынан бері Алматы обылысынң әкімі Амандық Баталовтың орынбасары қызметін атқарған Мәнізоров аймақтың тұрғын үй шаруашылығы, кәсіпкерлік және туризм саласына жауап берген еді. Орынбасарлықтан бас тартқан ол бизнеске қайта оралмақшы.

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Бағдат Мәнізоров ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталып қамауға алынғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Кейін Бас прокуратура шенеунікке қатысты істе «қылмыстық құрам жоқ» деп, оны ақтап шықты. Осыдан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері қылмыстық іс қозғау туралы бірнеше рет өтініш түсірсе де, прокурорлар бәрін кері қайтарған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде