{metadescription}
Алматыда жабылған базарлар жұмысын әдеттегідей жалғастырады
Алматыда жабылған базарлар жұмысын әдеттегідей жалғастырады

Алматыда жабылған базарлар жұмысын әдеттегідей жалғастырады

Қордайдағы оқиғадан соң Алматыда уақытша жабылған барахолка базарын тәртіп сақшылары әлі күзетіп тұр. Әсіресе ұлттық ұлан сарбаздары базарға жақын орналасқан көшелердің әр бұрышында сап түзеп, күзетті күшейткен. 

Саудасы қыз-қыз қайнап жататын бұл базардың жабылғанына бүгін үшінші күн. Тіпті алғашқы күні күштік құрылым өкілдерінің қарасы өте көп болған еді. Қазірдің өзінде базар маңында қаз-қатар тұрған полиция мен әскери көліктер жетерлік. Ал ұлттық ұлан сарбаздары тәртіп сақшыларымен бірге жер үй орналасқан аймақты күндіз-түні күзетіп жүр.

Сенбі күні барахолкадағы «Байсат», «Барлық», «Ялян», «Рахат», «Барыс», «Алатау», «Болашақ», «Мизам», «Арлан», «Өжет», «Ақ Бұлақ» және «Кенжехан» базарлары уақытша жабылды. Оған Қордайдағы оқиғадан кейін әлдекімдердің базар ішінде бүлік жасауға үндеу тастауы себеп болғаны айтылды. Осылайша қауіпсіздік мақсатында уақытша жабылған базарлар ертең әдеттегідей жұмысын жалғастырмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде