{metadescription}
Қордай: Жамбасына зақым келген азаматтың жұбайы кінәлілер заңды жазасын алсын дейді
Қордай: Жамбасына зақым келген азаматтың жұбайы кінәлілер заңды жазасын алсын дейді

Қордай: Жамбасына зақым келген азаматтың жұбайы кінәлілер заңды жазасын алсын дейді

Қордайдағы жанжалдан жалпы саны 178 адам зардап шегіп, 10 адам қаза тапты. Оның 8-і оқиға орнында, екеуі ауруханада көз жұмған. Қазір стационар қабылдап жатқан науқастардың саны – 41. Ауыр жарақат алғандар Алматы қаласы, Жамбыл облысы мен көршілес қырғыз елінде емделіп жатыр.

Қордайдағы қақтығыста  ауыр соққыға жығылған 78 жастағы Төлеген Құдашбаевқа бүгін Алматыдағы ауруханалардың бірінде ота жасалды. Қазір ол жан сақтау бөлімінде. Алматылық дәрігерлердің айтуынша, қарияның жағдайы орташа деңгейде. Науқастың демікпесі болғандықтан, арнайы құрылғының көмегімен тыныс алуда. Қордайдағы жанжалда ауыр соққыдан Төлеген Құдашбаевтың жамбасына зақым келген. Ал оның жұбайы кінәлілер «заңды түрде жазалансын» дейді.

Зура Құдашбаева, Т. Құдашбаевтың жары:

Екі баламды бірдей, бірінші баламды машинадан тоқтай қоймадың деп ұрған, оны екінші балам ажыратам деп барса, оны қоса ұрып, шалды теуіп жыққаннан кейін ана балам барып шалды көтерейін десе, мына жерден таспен ұрған, үш жерден. Доғдырларға мың да бір рахмет! Үлкені де, кішісі де жаны қалмай, кешелі бері біз келгелі қарап жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде