{metadescription}
Әдебиетті дамытуға үлес қосқан өзге сала өкілдеріне де жүлде берілді – Алтын қалам
Әдебиетті дамытуға үлес қосқан өзге сала өкілдеріне де жүлде берілді – Алтын қалам

Әдебиетті дамытуға үлес қосқан өзге сала өкілдеріне де жүлде берілді – Алтын қалам

Алматыда әдеби «Оскар» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. «Алтын қалам» жүлдесі аясындағы марапат бес номинациямен өткізілді. Бұл жолы жобаны ұйымдастырушылар әдебиетті дамытуға үлес қосып жүрген өзге сала өкілдерін де жүлдеге лайық деп таныған.

Расул Жұмалы, жоба ұйымдастырушысы:

- Тек жазушылар, ақындар ғана емес, соған үлес қосып жүрген меценаттар айтылып жүрген. Кітап дүкендерін, кітап тарату желілерін ескергіміз келеді. Оларға қолдау-қошеметімізді білдіргіміз келеді.

Биылғы әдеби «Оскар» жеңімпаздары әлеуметтік зерттеу нәтижесінде таңдап алынған. Оған әдебиет, бизнес және ғылым саласындағы 70-тен астам сарапшы қатысыпты. «Жылдың үздік баспасы» және «Жылдың үздік меценаты» аталымы саясаттанушы Досым Сәтпаевқа бұйырса, «Әлеуметтік мәнге ие тақырыптағы үздік шығарма» байқауында ұжымдық монографияның бағы жанды. «Жылдың әдеби дебютінде» Ержан Рашев жеңіске жетсе, «Қара жұлдыз» туындысы «Оқырмандар таңдауында» үздік шықты. Ал жеңімпаз авторлар мұндай қолдау кез келген қаламгерге ауадай қажет екенін айтады. 

Юрий Серебрянский, «Кітап like» аталымының жеңімпазы:

- Біріншіден, бұл кітап Бақытжан Момышұлымен бірігіп жазылған еңбек. Әрине, ол кісі өмірден өткен соң маған қолжазбасы беріліп, басталған істі аяқтау міндеті жүктелді. Сондықтан бүгінгі марапатты жарық көрген кітаптың жеңісі деп есептеймін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде