{metadescription}
Әр аймақта пәтер тонап жүрген төрт әккі жігіт ұсталды
Әр аймақта пәтер тонап жүрген төрт әккі жігіт ұсталды

Әр аймақта пәтер тонап жүрген төрт әккі жігіт ұсталды

Петропавлда ел аралап жүрген әккі ұрылар тобы қолға түсті. Төрт жігіт пәтер тонауға машықтанған. Полицейлер олардың басқа ұрлықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Ұрлық тапа-тал түсте жасалып келген. Иесі жұмысқа кеткен бос пәтер есігін баукеспелер ілезде ашады екен. Құрал-жабдықтары түгел сайланған. Ел назарын аудартпау үшін кез келген подьездегі домофонды ашатын кілт жасап алған. Пәтерлерден тек ақша әкетіп отырған. Құжат сақтайтын жер мен төсек орынның арасына тығылған қаражатты табуға ұрылар әбден әккіленген. Қызылжарда болған екі күнде олар екі пәтерді үптеп, 1 жарым миллион теңгені қолды қылыпты. Дегенмен ісін тындырып, басқа қалаға кетіп бара жатқан жерде ұсталған.

Мадияр Харипов, СҚО ПД криминалды полиция басқармасының қызметкері:

- Жедел іздестіру жұмысы кезінде Ақмола және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары анықталды. Олар Петропавлден шыға берісте «Оңтүстік» бекетінде ұсталып, тексеру кезінде ұрланған ақша және есік ашатын құралдар тәркіленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.