{metadescription}
Шымкентте заң бұзған қытайлықтарға қатысты сот шешімі шықты
Шымкентте заң бұзған қытайлықтарға қатысты сот шешімі шықты

Шымкентте заң бұзған қытайлықтарға қатысты сот шешімі шықты

Шымкентте заңсыз жолмен жайбарақат жұмыс істеп келген қытайлықтарға қатысты сот шешімі шықты. Судья 31 Қытай азаматын елден шығаруды жөн деп тапқан. Бұларды жұмысқа тартқан кәсіпорын басшыларына миллиондап айыппұл салынып, олар да қытайлық болғандықтан елден қуылды.

Қайрат Ізбасаров, Еңбекші аудандық сотының судьясы:

- Сот үкімімен Чжу Цзян Баоға айлық көрсеткіш 2500 еселенген мөлшерінде, яғни 6 миллион 125 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Сонымен қатар ҚР аумағынан шығарылып, 5 жыл мерзімге қайта кіруге тыйым салынған.

Инвестор ретінде келген Қытай азаматы Шымкенттегі индустриялдық аймақта металл өңдеу зауытын ашпақ болады. Бірақ құрылысты жүргізуде өз отандастарына ғана сенген сияқты. Сөйтіп 2018 жылы Алматының әуежайы арқылы 31 қытайды алдыртқан. Бірнеше күнге келгендей болған олар ары қарай Шымкентке жетіп, жайбарақат жұмыс істеп жүрген. Яғни жатын орын мен жалақысы жақсы болыпты. Бірақ өткен жылдың күзінде көші-қон полициясының қолына түскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде