{metadescription}
Қытайдан тағы 217 отандасымыз оралды
Қытайдан тағы 217 отандасымыз оралды

Қытайдан тағы 217 отандасымыз оралды

Коронавирус дертінің беті қайтпаған Қытайдан тағы 217 отандасымыз елге оралды. Қазақстандық дипломаттар қытай әріптестерінің көмегімен осындай мүмкіндікке қол жеткізген. Олар бүгін таң алдында ұшып келді.

Айбек Смадияр, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Бүгін түнде қазақстандық дипломаттардың күшімен 217 қазақстандық азамат Қазақстанға жеткізілді. Олар Қытайдың 36 қаласынан жиналып, Пекиннен түнде арнайы рейс жасаған болатын.

Келгендердің ішінде басым көпшілігі студенттер және тағы бесеуі сәби. Ертең тағы 150-ге жуық адамды алып келуге екі әуе рейсі жасалады. Дегенмен әлі де жүздеген отандасымыз жұмыс, оқу себебімен сол жақта өз еркімен қалып отыр. Олар дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері және оқу мен жұмысына қатысты сонда қалып жатқан азаматтар.

Айта кетсек, коронавирус дертінен қаза тапқандар саны қазір мыңнан асты. 42 мың науқас ауруханада жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде