Қордай қақтығысы: Екі зардап шегушінің жағдайы өте ауыр
Алматы ауруханаларында жатқан 29 адамның 14-іне бүгінге дейін ота жасалған. Жан сақтау бөліміндегі екі зардап шегушінің жағдайы «өте ауыр» дейді дәрігерлер.
Автор: Әсем Қабылбек
11.02.2020
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров бұдан өзге 12 науқастың Жамбыл облысында емделіп жатқанын айтты. Біреуі тараздық дәрігерлердің бақылауында болса, қалған 11-і Қордай ауданындағы орталық ауруханада. Күні ертең Қордайдағы бір науқас ота жасауға Алматыға жеткізілмек. Ал қақтығыс кезінде шекара асып қырғыз елінде емделгендердің саны – 25. Тоқмақ пен Бішкек ауруханаларында медициналық көмекке жүгінгендердің барлығы санавиациямен елге жеткізіліпті. «Қазір Қырғызстанда ешкім қалған жоқ», - дейді вице-министр.
Камалжан Надыров, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
- Олардың 9-ын Алматы қаласына алып келдік. Қалғандарына амбулаториялық көмек көрсетілді. Бөтен болғанымен, біздің қарым-қатынасымыз бойынша оларға тегін көмек көрсетілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!