{metadescription}
0:000:00
Би-58! Қандаламен күресемін деп, көршілерін өлтіре жаздады

Би-58! Қандаламен күресемін деп, көршілерін өлтіре жаздады

Ақтауда уланған екі бала ауруханада жатыр. 11 және 16 жастағы қыздар анасымен бірге көршілері қандаладан құтылуға қолданған дәріден уланған. Үш адамның өмірі үшін күрескен дәрігерлер қазір олардың жағдайы жақсарғанын айтады. Ал эпидемиологтар бұл препаратты тұрғын үйлер мен жабық нысандарда пайдалануға болмайтынын ескертті.

Юлия Молдован мен оның 11 және 16 жастағы екі қызы ауруханаға ауыр жағдайда жеткізіліпті. Үйінде алаңсыз отырған олар алғашында жағымсыз иісті сезген. Бара-бара басы айналып, жүрегі айнығанда жедел жәрдем шақырыпты. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер анасы мен қыздарының уланғанын анықтаған. 

Юлия Молдован, зардап шегуші:

- Жаңа көршілеріміз үй сатып алған. Баспанасына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, улап болған соң, есіктерін жауып кетіп қалған. Төтеншеліктер мен учаскелік полиция келіп иесін тапты. Мен олардан «неге бізге ескертпедің?» деп сұрасам, «не үшін ескертуім керек, мен жай ғана жәндіктерді уладым» деп қарап тұр.

Көршісінің кесірінен бір өлімнен аман қалған келіншектің жағдайы жақсарыпты. Бірақ қыздары әлі ауруханада жатыр. Дәрігерлер оларға төніп тұрған «қауіп жоқ» десе де, бірнеше күнін ауруханада өткізетінін айтады.

Назгүл Қисықбаева, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігері:

- Түскен кезде жағдайлары ауыр болды. Басы айналды, құсты балалар. Өздерін ауыр сезінді. Қазір жағдайлары тұрақты. Емін алып жатыр. Ешқандай ауыр белгілер жоқ.  

Ал сан-эпидемиологтардың айтуынша, уланған отбасының көршісі қандалаға қарсы «Би-58» препаратын қолданған. Жеміс ағаштары мен өсімдіктерді жәндіктерден тазартуға арналған бұл улы химикатты тек ашық алаңқайда пайдалану қажет. «Тұрғын үй ішінде қолдануға болмайтын химикаттың кері әсері ұзақ уақыт сақталады», - дейді мамандар.

Әсима Жарылғасова, Ақтаудағы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

- Бұл агротехникалық препарат ешқашан тұрмыстық мақсатта қолдануға арналмаған. Оның құрамындағы заттардың орталық жүйке жүйесіне кері ықпал ететін және адамды сал қылып тастайтын әсері бар. 

Осылай деп дабыл қаққан мамандар соңғы кездері көршілердің бірін бірі улау оқиғасы күрт көбейгенін айтады. Жыл басынан бері осындай екінші оқиға тіркелсе, былтыр өз бетінше қандала улайтын көршілер 13 рет қаланы дүрліктіріпті. Сол себепті мамандар прокуратурадан улы химикатты оңды-солды сатуға тыйым салуды сұрайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.