{metadescription}
Газбен жүретін көліктердің алдыңғы әйнегіне арнайы белгі орнатылады
Газбен жүретін көліктердің алдыңғы әйнегіне арнайы белгі орнатылады

Газбен жүретін көліктердің алдыңғы әйнегіне арнайы белгі орнатылады

Газбен жүретін көліктерді жабық көлік тұрағына кіргізбеу үшін қақпа алдына арнайы белгі қойылады. Төтенше жағдайлар комитеті ондай белгінің нұсқасын жасап, оны қолданысқа енгізу үшін Техникалық реттеу және метрология комитетіне жолдаған.   

Былтыр желтоқсан айынан бастап газбен жүретін көліктерге жабық тұрақтарға кіруге шектеу қойылған. Қауіпсіздікке алаңдаған еліміздің төтенше жағдай қызметі заңға осындай өзгеріс енгізді. Себебі, газ баллоны болмашы от ұшқынынан жарылып кетеді. Ал жарылыс болса, көлік түгіл, сол ғимараттың өзіне қауіп төнеді. Сондай-ақ, газбен жүретін көліктердің өзіне де белгі орнату міндеттелуі мүмкін.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Міне, сондай көліктердің алдыңғы әйнегіне белгі орнатылуы мүмкін. Оны біз Әкімшілік полиция комитетіне жолдадық. Ол бойынша Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесіне өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Соның ішінде осы белгі де болуы бек мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде