{metadescription}
Алматы облысында Еңбек саяжайының тұрғындары жол зардабын тартуда   
Алматы облысында Еңбек саяжайының тұрғындары жол зардабын тартуда   

Алматы облысында Еңбек саяжайының тұрғындары жол зардабын тартуда   

Алматы облысында саяжайда тұратын балалардың мектепке қатынауы қиындаған. Өйткені ойдым-ойдым жолдардан арнайы автобус саяжай ішіне кірмей, оқушыларды орталықтан түсіріп кететін болыпты. Ал қақаған қыста жарты жолда қалған олар екі шақырым қашықтықтағы үйіне жаяу қайтуға мәжбүр. Баласының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналар «жанымызды шүберекке түйіп отырамыз» дейді. Ал атқамінерлер шұрық-шұрық көшелерін жөндеуге саяжай тұрғындарының өзі жауапты екенін айтады.

Қыс басталса, КазЦИК ауылына қарасты Еңбек саяжайындағы тұрғындардың мазасы қашады. Өйткені шұрық-шұрық жолдың кесірінен адам түгілі, көлік жүре алмай қалатыны жылда қайталанатын жырға айналған. Бәрінен бұрын дай балаларға қиын. Оларды тасуға бөлінген автобус ауыл ішіне кіре алмайды екен.

Оқушыларды мектептен әкелетін автобус оларды жарты жолда қалдырып кетеді. Балалар екі ортада қатынайтын көліктерге жалынып жүріп мінеді. Міне алмағандары бірнеше шақырым жаяу жүруге мәжбүр. Күн жылыда аса қиын болмағанымен, қыста ата-аналар мектептен қайтқан балаларына уайымдап отырады.

Гүлнар Жанықұлова, саяжай тұрғыны:

- Автобус жүрмейді. Балаларымыз ҚазЦИК-те оқиды. Бұл жерге ешқандай автобус келмейді, өйткені мына жолды көріп отырсыздар, жүру мүмкін емес. Орталыққа автобус келеді. Ол екі шақырым жаяу жерде. Тіпті жаяу жүру  мүмкін емес. Баламыз құлап, аяғы сынғандар бар.  

Қаңтардың аязынан әупірімдеп өткен балалар енді ақпанның ақ түтек боранына да әзер төтеп беруде. Сабаққа кешікпеу үшін екі сағат ерте шығады екен. Сондай-ақ, ата-аналар «кішкентайымызды таксимен жібереміз» деп отыр. Ал оның құны 500-600 теңге.

Роза Әшімова, саяжай тұрғыны:

Тіпті жеңіл көлік жүргізушілері де саяжай ішіне кіруден бас тартады. Оның үстіне күнде жеңіл көлікпен қатынауға көбінің қалтасы көтермейді. Ал балаларымыз жаяу  екі шақырым жүріп келеді. Жаурағаны былай тұрсын, үстіндегі киімі күнде былғанады. 

КазЦИК ауылдық округінде 16 саяжайға 11 автобус бөлініпті. Ол күнделікті кестесіне сәйкес, 670 оқушыны тасымалдайды. Ал атқамінерлер саяжайлардағы жолдарға тұрғындардың өзі жауапты екенін айтады.

Есет Өмірзақов, КазЦИК ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы:

- Әрбір саяжай тұтыну кооперативтерінің ішкі ережелеріне сәйкес, барлық жолға өздері жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Оқушыларды жеткізу мәселесі қарастырылып, алдағы уақытта шешіледі. Бірақ біздің тарапымыздан күн жылығаннан кейін жол жөндеу жұмыстарына көмек көрсетуге дайынбыз.

Осылайша шенеуніктер балалардың білім ошағына қатынауына қатысты мәселесін шешіп береміз деп отыр. Ол үшін ең алдымен жұртшылық жолдарын жөндеуі тиіс. Өйткені автобустар газбен жүретіндіктен, ондағы оқушылардың ойдым жолдың кесірінен «опат болғанын қаламаймыз» деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде